сейсенбі, 3 ақпан, 2026 10:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қақпашы Темірлан Анарбеков студент атанды

Қақпашы Темірлан Анарбеков студент атанды
Қазақ спорт және туризм академиясы
Ол енді Қазақ спорт және туризм академиясында білім алады.

Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Закирьянов «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке, жартылай қорғаушы Олжас Байбекке және шабуылшы Мансұр Бірқұрмановқа ректор грантын салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Арнайы өткен кездесуде грант иегерлеріне сертификаттар тапсырылып, жас спортшылардың болашағына зор сенім білдірілді. Академия басшылығы бұл бастаманың жастарды қолдау бағытындағы мемлекеттік саясатпен үндес екенін атап өтті.

Өз сөзінде Академия өкілдері спортта да, білімде де үздік нәтиже көрсетіп жүрген студенттерге әрдайым қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтып, бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Айта кету керек, Академия Президенті Қайрат Закирьянов жоғары жетістікке жеткен жас спортшыларды тұрақты түрде қолдап келеді. Бұған дейін дәл осындай ректор гранты «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға табысталған болатын.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар