Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алғашқы өрт сөндіруші бөлімшелер келген кезде әр түрлі орындарда үш ашық жану ошағы байқалды.
Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық жою үшін барлық шаралар қабылданды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Өртті сөндіруді үлкен аумақта оттың қарқынды таралуы, жанғыш материалдардың болуы, қатты түтін, жоғары температура және ғимараттың конструкциялық ерекшеліктері қиындатты.
Өртті сөндіруге 140-тан астам қызметкер және шамамен 40 бірлік техника жұмылдырылды. ТЖМ күштерімен өрт 300 ш.м. аумақта толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.





