сәрсенбі, 25 ақпан, 2026 11:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбе облысында қырық ауыл ішімдіктен бастартты

Ақтөбе облысында қырық ауыл ішімдіктен бастартты
Canva
Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өткен жылы Ақтөбе облысы аумағында алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартқан елді мекендер саны 35-ке жеткен болатын. Биыл бұл бастама жалғасын тауып, «Қауіпсіз аула» және «Алкогольсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында тағы бес ауыл спирттік ішімдіктерді сатудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде өңірдегі «арақсыз» елді мекендердің жалпы саны 40-қа жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жүргізілген талдау соңғы бес жыл ішінде бұл ауылдарда қылмыс деңгейінің тұрақты түрде төмендегенін көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, бірқатар ауданда бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажет. Атап айтқанда, Алға, Хромтау және Қарғалы аудандарында алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан ауылдар саны әзірге аз.

Тәжірибе көрсеткендей, алкогольден бас тарту құқық бұзушылықтар санының азаюына тікелей әсер етеді. Мәселен, Шалқар ауданындағы Шетырғыз ауылының тұрғындары 2020 жылы спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан. Соның нәтижесінде соңғы алты жылда бұл елді мекенде бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

«Арақсыз ауыл» акциясына қосылатын елді мекендер санын арттыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар