сенбі, 28 желтоқсан, 2024 14:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Абай Бегейдің қыздары әкесін ағыл-тегіл жылатты

Абай Бегейдің қыздары әкесін ағыл-тегіл жылатты
Сурет: видеодан скриншот
Олар әкесінің туған күніне сыйлық жасаған

Абай Бегейдің отбасы туған күніне орай оған үлкен қажылыққа жолдама сыйлады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұны естіген әнші ағыл-тегіл жылап, эмоциясын жасыра алмады. Айта кетейік, бес күн бұрын Абай Бегей кезекті жасын атап өткен. Оның жары, үш қызы мен бір ұлы туған күн кешіне арналған жиында Абай Бегейге тосын сый әзірлеген.

Отбасы туған күніне орай үлкен қажылыққа жолдама сыйлағанын естіген Абай Бегей бетін басып, қуаныштан қатты жылап жіберді.

«Біз әкемізге не берсек те, оның бізге берген махаббат, мейіріміне ештеме жетпейді. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеген әкемізге не берсек екен деп көп ойландық. Осы сыйлықтан асқан сыйлық жоқ деп, отбасымыдың атынан қажылыққа жолдама бердік», - деп жазды оның қызы өзінің әлеуметтік желісіне.

Айта кетейк, Абай Бегейдің жұбайы Жанат өмірден озған еді. Олардың ортақ некесінен үш қыз бен бір ұл бар. Әнші былтыр шілде айында өзі екінші мәрте шаңырақ көтерген болатын.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар