бейсенбі, 19 желтоқсан, 2024 16:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Абай облысынан Қытай шекарасына өтетін жаяу жүргіншілер жолы ашылды

Абай облысынан Қытай шекарасына өтетін жаяу жүргіншілер жолы ашылды
фото - ашық дереккөзден
Онда жолаушыларға айына 1 рет 25 келіге дейін жүк өткізуге рұқсат етіледі

Бақты кеден бекеті арқылы жаяу жүргіншілер Қытайға өте алады. Бұл екі ел арасындағы байланысты нығайтып, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасаумен қатар сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бақты кеден бақылау бекетіндегі терминалдарды қайта жаңғырту жұмысы аяқталғанға дейін туристер белгіленген тәртіп бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатынайтын болады,- делінген әкімдіктің хабарламасында

Салтанатты ашылу рәсіміне Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин, Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Асхат Ахметов қатысты. Қытай тарапынан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының лауазымды өкілдері болды.

Сондай-ақ жолаушыларға айына 1 рет 25 келіге дейін жүк өткізуге рұқсат етіледі. Тағы бір атап өтерлігі - халықаралық жолаушы тасымалдауға арнайы рұқсаты бар көлікпен ғана кіріп шыға алады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар