жұма, 20 қыркүйек, 2024 2:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АЭС - энергетикалық тұрақтылық үшін қажет - Елдос Сметов

АЭС - энергетикалық тұрақтылық үшін қажет - Елдос Сметов
Ашық дереккөз
Бұл шешімнің ел экономикасына пайдасы орасан зор

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Президент Жолдауында айтылған АЭС салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі таңда энергия тапшылығының күшейіп бара жатқанын ескере отырып, атом энергетикасындамытуға баса мән беру керектігіне тоқталды. Ол ел болашағының қамы үшін салынатын атом электр стансасы туралы барынша байыпты шешім қабылдау жұртшылықпен бірлесіп қана жасалуы тиіс екендігін ескерткен еді. 

Маңызды бастаманы спортшы Елдос Сметов те қолдайтынын айтты.

Дәл осы жыл Қазақтан үшін энергетикалық болашақ тұрғысынан шешуші кезең болады деп ойлаймын. Сол үшін 6 қазанда өтетін референдум – елдің стратегиялық шешім қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған маңызды қадам. Республикамыздың қазіргі энергетикалық балансы әлі де көмірге тәуелді екені белгілі, бұл жағдай энергияны әртараптандыру мен экологиялық таза технологияларға көшудің қажеттілігін айқын көрінісі деп санаймын,-деді спортшы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар