Аграрлардың айыппұлдары мен өсімпұлдары кешіріледі — "ҚазАгроҚаржы" жаңа акциясы бастады
- авторБақытжан Бекболат
- 26 қараша, 2025
- 229
«ҚазАгроҚаржы» АҚ сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін уақытылы алмауы салдарынан қарыз алушыларға есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару бойынша акция өткізілетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Акция 2025 жылғы 24 қарашада басталып, 2026 жылғы 1 наурызға дейін жалғасады.
Компанияда хабарланғандай, бұл бастама шаруалардың субсидияларды төлеудегі кідірістерге байланысты туындаған мерзімі өткен борыштық жүктемесін азайтуға бағытталған. Шара бұрыннан жинақталған мерзімі өткен берекешекке де, акция кезеңінде туындаған берешекке де қолданылады.
Акцияға қатысу үшін қарыз алушылар мерзімі өткен сыйақы сомасын, субсидияланатын бөлігін қоса алғанда, сондай-ақ мерзімі өткен негізгі борышты толығымен өтеуі тиіс.
Клиенттер «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарына өтініш берулері қажет.
Алматыдан 160 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты
- авторБақытжан Бекболат
- 26 желтоқсан, 2025
Мәдени мұраға қатысты жаңа заңнамалық түзетулер: Ерлан Қарин жазба жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2025






