Елімізде
Алматы әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылатынын хабарлады
- авторМағжан Орынбасар
- 14 тамыз, 2025
- 439
«Ақсұңқар» қонақ үйінің жанындағы пандусқа кіру жолы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады
Алматы әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылатынын хабарлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алматы әуежайының мәліметінше, жөндеу жұмыстары аясында гидрооқшаулауды жақсарту, жылыту жүйесін жаңғырту және жаңа асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.
— Жөндеу кезеңінде ескі пандусқа көтерілу жолы жаңа пандусқа ауысады. Туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — деп хабарлады әуежай.






