бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 18:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында Covid-19 көбеюде

Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында Covid-19 көбеюде
ашық дереккөзі
Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында Covid-19 көбеюде
Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус жұқтырғандар саны көбеюде. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты. Қалықованың айтуынша, алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штамдардың жұқтыру көрсеткіші 70%-ға дейін жоғары. «Соңғы аптада балалар арасында індетті жұқтыру күрт өсті. Мысалы, 14 жасқа дейінгі науқас балалардың саны 7%-дан 11%-ға дейін ұлғайды. Сондай-ақ, бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру өскенін байқап отырмыз. 1 наурызда 10 жағдай тіркелсе, қазір 55 жағдайға дейін жетіп отыр. Өзге жастағы адамдар арасында вирус жұқтыру бұрынғыдай қалыпта»,- дейді Әсел Қалықова.
Сондай-ақ, ол отбасы мүшелері арасында вирус жұқтыру оқиғасы оқиғасы 34 пайызға артқан. Ал сауда орындарында вирус жұқтыру жағдайы керісінше 22 пайызға дейін азайған. Еске сала кетейік, Алматы қаласы қазір эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақта.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар