жексенбі, 23 маусым, 2024 5:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда ұл баланы тепкінің астына алған қыздар полиция қолына түсті

Алматыда ұл баланы тепкінің астына алған қыздар полиция қолына түсті
Сурет: видеодан скриншот
Әзірге олардың әрекетіне не себеп болғаны белгісіз

Соңғы қоңыраудан кейін көңіл күй үшін жас баланы ұрып-соғып, тепкінің астына алған екі қыз қолға түсті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оқиға Алматы қаласында болған. Бойжеткендер өздерінің заңсыз әрекетін ашық видеоға түсіріп, оны желіге салған. Бейнежазбада көрініп тұрғандай, екі қыз жас жігітті ұрып, теуіп, қорлық көрсеткен. Қыздардың әлімжеттігі қоғам арасында резонанс тудырып, құзырлы органдар бірден назар аударды.

Алматы қаласы полиция департаменті нің мәліметінше, аталған іске қатысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Кәмелет жасына толмаған күдіктілер полицияға түсті. Қазір ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүріп жатыр. Басқа да мән-жайлар анықталады», - деп хабарлады полиция.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар