сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 1:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда полициядан қашқан жүргізуші аялдамадағы адамдарды ажал құштырды

Алматыда полициядан қашқан жүргізуші аялдамадағы адамдарды ажал құштырды
Коллаж: azattyq-ruhy.kz
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Іле ауданында полиция қызметкерлерінен қашқан жүргізуші қатты жылдамдықпен аялдамаға кіріп кеткен. Салдарынан екі адам қаза болып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

«Адырна» ұлттық порталының мәліметінше, қайғылы оқиға 12 мамырға қараған түні болды.

"12 мамырға қараған түні "Бүркіт-35" бригадасының полицейлері Байсерке ауылында патрульдеу кезінде ЗИЛ-131 көлігіне күдітенген. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы өтінішін елемей, қашып кетпек болған. Салдарынан жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам Алматы-Жетіген тас жолының 32-ші шақырымындағы аялдамаға қатты жылдамдықпен кіріп кеткен. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды", – деді Алматы облысы жол полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Әленов.

Медициналық куәландыру қорытындысына бойынша жүргізуші көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарғаны анықталған. Қазір жүргізушінің үстінен екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар