Алматыда заңсыз вейп сатпақ болған адамнан 2 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
- авторМағжан Орынбасар
- 5 шілде, 2024
- 582
Алматы облысының полицейлері құны 2 млн теңгелік вейптерді тәркіледі, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Polisia.kz жазуынша, WhatsApp мессенджері арқылы вейптерді заңсыз сатқандарды облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері анықтаған.
"Стоп-алаяқ” шарасын өткізу барысында Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері WhatsApp мессенджеріндегі арнаны анықтады. Арна арқылы электрондық темекі сатылып отырған. Заңды бұзған адамға екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, яки елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынады.
"Тәртіп сақшылары екі миллион теңгеге электронды темекі тәркіледі. Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады", – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024