дүйсенбі, 2 наурыз, 2026 11:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қар, боран: "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ескерту жасады

Қар, боран: "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ескерту жасады
istockphoto.com
2026 жылғы 2 наурызда еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығы күтілуде.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, республикалық маңызы бар автожолдардың кей учаскелерінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Атап айтқанда, Ақмола облысы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Жетісу облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы және Қостанай облысы аумақтарының кей жерлерінде қар мен боран күтіледі.

"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", – делінген хабарламада. 

Қосымша ақпарат алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар