Елімізде
Қар жауып, -13 градус аяз болады: Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды
- авторБақытжан Бекболат
- 31 қазан, 2025
- 2.7k
Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді
Демалыс күндері Қазақстан аумағы солтүстіктен келген циклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің көптеген өңірінде жаңбырдың соңы қарға ұласып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
Ал, 4 қарашада елімізге нағыз қыс келеді. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнде ауа температурасы -13 °C дейін төмендеп, күндіз -11 °C шамасында аяз болады. Бұл өңірлерде қар жауып, боран соғып, көктайғақ түзіледі деп күтілуде.
Ал еліміздің оңтүстігінде де осы күні жауын-шашын болып, ауа райы айтарлықтай суытады: түнде -13 °C дейін, күндіз шамамен -5 °C болады.






