сейсенбі, 3 ақпан, 2026 12:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағанды облысында темір рудасын заңсыз өндіру фактісі анықталды

Қарағанды облысында темір рудасын заңсыз өндіру фактісі анықталды
Pixabay.com
Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді.

Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар