дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 13:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағанды және Жамбыл облыстарында жол жабылды

Қарағанды және Жамбыл облыстарында жол жабылды
istockphoto.com
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 03:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлеріндегі автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жамбыл облысындағы жол учаскелері

Жамбыл облысында «Астана – Қарағанды – Алматы» республикалық маңызы бар автожолының 2005–2152 шақырым аралығы, яғни Қарағанды облысының шекарасынан Бұрылбайтал ауылына дейінгі бөлігі уақытша жабылады.

Қарағанды облысындағы шектеулер

Қарағанды облысында да бірқатар жол учаскелерінде қозғалыс тоқтатылады. Атап айтқанда, «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 592–750 шақырым аралығы (Балқаш қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) жабылады.

Сонымен қатар, «Қарағанды – Аягөз – Боғаз» автожолының 17–217 шақырым аралығында, яғни Қарағанды қаласынан Қарқаралы ауылына дейін барлық көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жол қашан ашылады?

Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған жол учаскелерін 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 11:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпарат

Жүргізушілер тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып, жол жағдайына қатысты қосымша ақпарат ала алады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар