жұма, 27 желтоқсан, 2024 0:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қараусыз қалған»:Семейде төтеншеліктер суға батқан жеткіншекті құтқарып қалды

«Қараусыз қалған»:Семейде төтеншеліктер суға батқан жеткіншекті құтқарып қалды
Сурет: ҚР ТЖМ
7 жасар балаға медициналық көмек қажет болмаған

Бүгін Семейлік төтенше жағдайлар қызметкерлері Ертіс өзеніне батып бара жатқан баланы құтқарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін Семей қаласында ҚР ТЖМ  әскери бөлімінің әскери қызметшілері Көкабаев Талғат пен Мират Бекетов Ертіс өзенінің жағалауын патрульдеу кезінде «Заря» жағажайының аумағында 2017 жылғы баланы құтқарғанын мәлімдеді.

Деректерге сүйенсек, бала ересектердің қарауынсыз қалып, алыс қашықтыққа жүзіп, суға бата бастаған.

«Суға батып бара жатқан баланы көрген Талғат Қонқабаев көмекке асықты. Баланы жағаға шығарғаннан кейін қызметкерлер оны туыстарына берді. Медициналық көмек қажет емес»,- деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар