Елімізде
Ashyq қосымшасы: вирус жұқтырған 10 мың адам қоғамдық орынға кірмек болды
- авторjambylinfo.kz
- 3 тамыз, 2021
- 222
Ashyq қосымшасы: вирус жұқтырған 10 мың адам қоғамдық орынға кірмек болды
Министр Ashyq жобасына қосылу талаптары жеңілдегеннен кейін қосымшаға қатысушылар саны үш есе өскенін атап өтті
Ashyq мобильді қосымшасы арқылы карантин талабын бұзған 16 663 адам анықталды. Оның ішінде 10 305-нде "қызыл" статус шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Айтуынша, Ashyq жобасы аясында мониторинг топтары 50 мың нысанды қамтыды. 642 мекемеде карантин талаптары бұзылған.
"Цифрлық даму министрлігінен алынған деректер бойынша 10 шілдеден бері 16 663 заңбұзушы анықталды. Оның ішінде 10 305 адам "қызыл" статуспен, 6 358 адам "сары" статуспен жүрген. Осылайша 16 мыңнан астам нысанда халықтың коронавирус инфекциясын жұқтыруына жол берілмеді", - деді Цой үкімет отырысында.
Министр Ashyq жобасына қосылу талаптары жеңілдегеннен кейін қосымшаға қатысушылар саны үш есе өскенін атап өтті. 27 шілдеден 2 тамыз аралығында Ashyq-қа кіргендер саны 21 900-ден 67 782-ге дейін ұлғайған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз