Астана – Петропавл тас жолындағы апат: үш адам қаза тапты
- авторБақытжан Бекболат
- 4 тамыз, 2025
- 486
Ақмола облысында болған жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қайғылы оқиға 3 тамыз күні Астана – Петропавл тас жолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Астанаға бағыт алған Hyundai Elantra көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-2107 көлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал Hyundai көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Қазір аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Соңғы шешім сараптама қорытындысынан кейін қабылданады.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында Алматы – Екатеринбург тас жолында 42 жастағы мотоцикл жүргізушісі полиция көлігімен соқтығысып, қаза тапқан болатын.






