«Астана-Щучье» тас жолында соқтығысқан көлік саны 95-ке жетті
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қаңтар, 2025
- 179
«Астана-Щучье» тас жолындағы жаппай көлік апатында 95-ке жуық автокөлік зардап шекті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2025 жылдың 3 қаңтарында сағат 07:20–да республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының учаскесінде (18–232 шақырымдары) ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді.
— Ауа райы жақсарып, жол тазаланғаннан кейін сағат 12:30–да полиция департаменті қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» арнайы техникасының сүйемелдеуімен Щучинск бағытына қозғалыс ұйымдастырылды. Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамауы салдарынан сағат 13:28–де трассаның 153-шақырымында, Жанаталап ауылының маңында шамамен 95 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты орын алды, — деп жазды Қазавтожол.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» мамандары жұмыс істеуде. Бір жолақ тазартылып, жарамды автокөліктер қозғалысын бастады.
Оқиға орнында 22 көпфункционалды жол машинасы және 2 трактор жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта осы жол учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс қайтадан шектелді.
Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Астана — Щучье бағытында жол қозғалысына шектеу қойылды
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев уақыт белдеуіне қатысты пікірін айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қаңтар, 2025