Елімізде
Астанадағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 26 желтоқсан, 2025
- 203
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Астана қаласындағы Дінмұхамед Қонаев көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, тілсіз жау ғимараттың шатыр бөлігінен тұтанған.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, өртті қысқа уақыт ішінде оқшаулады. Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, мейрамхананың сыртқы қаптамасы мен желдеткіш жүйесінің жылытқышы жанған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ.






