сәрсенбі, 29 сәуір, 2026 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Фараби» орденін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Фараби» орденін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
Фото: ҚР Үкіметі
Марапат ғылым мен мәдениет қайраткерлеріне арналған

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Фараби» орденін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысының 2026 жылғы 20 сәуірдегі шешімімен бекітілген бұл награда ұлттық зиялы қауым өкілдері мен ғылым жолындағы азаматтардың еңбегін ұлықтауды көздейді. 

Құжатқа сәйкес, Үкіметке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға тиісті толықтырулар енгізу тапсырылды.

— Мемлекеттік награда — «Әл-Фараби» ордені тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын, — делінген ресми құжатта.

Жаңа орденнің сыртқы келбеті мен дизайнын әзірлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне жүктелген. 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар