сенбі, 18 мамыр, 2024 21:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын мерекесімен құттықтады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото - ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын Пасха  мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Президент өз сөзінде Пасха мейрамын мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі екенін атап өтті.

  • Құрметті еліміздің православ қауымы! Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады. Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады. Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді. Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!,- делінген хабарламада
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар