жексенбі, 3 мамыр, 2026 18:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев тұлпарларының күтімін көріп қайтты

Қасым-Жомарт Тоқаев тұлпарларының күтімін көріп қайтты
Фото: БОРТ1
Бұл туралы БОРТ №1 мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр мерекесінде әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайту үшін Президент Іс басқармасының атқорасына арнайы барды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атаған еді. Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады.
Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтардың қатарына бірнеше ай бұрын құла түстес құлын да қосылды. Мемлекет басшысы оған Ақниет деп ат қойды. Аттың сынын жақсы білетін мамандар келешекте халықаралық жарыстарда топ жаратын тұлпар болады деп бағалап отыр.
Сонымен қатар Президент Іс басқармасының атқорасында жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтар да бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев арасында осында келіп, жылқыларға өз қолымен жем беріп тұрады.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар