жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қатты аяз бен боран күтіледі: ТЖМ ескерту жасады

Қатты аяз бен боран күтіледі: ТЖМ ескерту жасады
Pixabay.com
Министрлік тұрғындарды сақ болуға шақырды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қыстың басталуына орай табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою бағытында кешенді шаралар атқарылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ведомствоның мәліметінше, ел аумағындағы ауа райы жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Автожолдарда төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мақсатында тиісті қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Болжам бойынша алдағы күндері ауа райы күрт нашарлауы мүмкін. Осыған байланысты министрлік азаматтарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:

дауылды ескертулер мен жедел ақпаратты қадағалау;

қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпау;

қатты аяз, боран кезінде және көріну нашарлаған уақытта жаяу ұзақ жолға шықпау.

Министрлік төтенше жағдай туындаған немесе көмек қажет болған жағдайда 112 бірыңғай құтқару қызметіне хабарласуға кеңес берді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар