бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 22:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қатыгездіктің де шегі болуы керек». Шымкентте асыранды балаларға зәр ішкізіп, нәжіс берген

«Қатыгездіктің де шегі болуы керек». Шымкентте асыранды балаларға зәр ішкізіп, нәжіс берген
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Динара Закиеваның сөзінше, Шымкент қаласында балаларды асырап алған ата-ана оларға зәр мен нәжіс берген. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданып, мектеп педагогтері мен қорғаншылық органы қызметкерлерінің үстінен іс қозғалған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл аталмыш қылмыс бойынша ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп жатқанын алға тартқан.

«Бұл оқиғада біраз сұмдық бар, соның бірі – үлкен баланың сөзінше, асырап алған адам балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ, олар балаға тиесілі ақшаны ешкілер сатып алуға жұмсап, балаға баққызып қойғандары туралы дерек бөлек тергелуде», - деп жазды Зәкиева. 

Сондай-ақ Динара Зәкиеваның айтуынша, кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылардың тарапынан азаптау деректері тіркеліп жатыр. 

«Бұл кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылардың тарапынан болған азаптау анықталған 4-ші жайт. Осыған байланысты ақпан айының соңында Президент Әкімшілігінде әкімдіктерімен кездесу өткізілді, нәтижесінде Наурыз айынан бастап барлық асырап алушы отбасыларға рейд жүргізу басталды»,- деп жазды ол.

Сонымен қатар  ол  Шымкент қаласындағы 485 мың балаға 5 қамқоршылық қызметкері, яғни бір қызметкерге 90 мың бала келетінін, Қамқоршылық қызметкерлеріне көлік берілмейтінін және олардың  жалақысы төмен екенін атап өткен. 

 Оның сөзінше бұл мәселе үкіметте әлі де талқыланып жатыр.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар