Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
- 450
ТЖМ қызметкерлері мәселені бірнеше минутта шешті
Атырауда ТЖМ құтқарушылары баланың саусағын шайбадан алуға көмектесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне 5 жасар баланың анасы көмек сұрап келді. Ол саусағын темір шайбаға салып, оны шығара алмаған. Дәрігерлер құтқарушыларға жүгінді.
ТЖМ қызметкерлері «тістегіш» авариялық-құтқару құралының көмегімен металл бөлшекті ақырын кесіп, шайбаны алып тастады. Баланың саусағын босату үшін бірнеше минут уақыт кетті. Құтқару операциясы сәтті аяқталды, бала тек қорқынышпен құтылды, медициналық көмекке мұқтаж болмады. ТЖМ ата-аналарды мұқият болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады,- делінген хабарламада.