жексенбі, 18 мамыр, 2025 20:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

“Қауіпті болжам”: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

“Қауіпті болжам”: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады
ТЖМ
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазгидромет РМК мамандары ел аумағында 3 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

 

- Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. ҚР шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі, - делінген болжамда.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында 2-3 градусқа дейін үсік жүреді. Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1-2 градусқа дейн үсік күтіледі.

 

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының батысында, орталығында, Атырау, облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар