сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 17:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Автомектептердегі олқылықтар әшкереленіп, оқу топтары жабылды

Автомектептердегі олқылықтар әшкереленіп, оқу топтары жабылды
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ІІМ-нің аумақтық бөлімшелері автомектептердің қызметін тексерді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазіргі уақытта 727 автомектеп жүргізушілерді даярлайды.

Тексеру барысында автодромдарда жол белгілері, жол таңбалары мен жарықтандырудың жеткіліксіз екені, сондай-ақ кейбір көлік құралдарының ақауы бар екені анықталды. Осы кемшіліктерді жою үшін 20 ұйғарым берілді.

Сонымен қатар жүргізушілерді даярлау үшін міндетті техникалық тексеруден өтпеген және сақтандыру полисі жоқ автокөлікті пайдаланған 59 оқу ұйымы анықталды. Нәтижесінде, қазіргі таңда ІІМ Әкімшілік полиция комитеті автомектептердің 701 оқу тобының қызметін тоқтатты.

Автомектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын тіркеу "Автомектеп" ақпараттық жүйесімен жүзеге асырылады. "Автомектеп" АЖ көмегімен онлайн режимінде берілген куәліктің заңдылығын, сағаттық оқу бағдарламасын, оқу автокөлігін есепке алуды тексеруге болады.

Сонымен қатар оқу ұйымдарының қызметіне бақылауды одан әрі күшейту мақсатында автомектептерді ашудың хабарлама тәртібінен рұқсат беру тәртібіне көшуді, сондай-ақ олардың қызметіне мемлекеттік бақылау тетіктерін енгізуді көздейтін "Жол жүрісі туралы" заңға өзгеріс енгізу жөнінде заң жобасы әзірленді.

Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар