жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Конституциясы: 30 жылдағы негізгі өзгерістер мен жетістіктер

Қазақстан Конституциясы: 30 жылдағы негізгі өзгерістер мен жетістіктер
Фото: e-history.kz
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына биыл 30 жыл толып отыр.

Бұл – еліміздің құқықтық негізін бекіткен, тәуелсіздік жолындағы басты құжаттардың бірі.

      Соңғы 30 жылда Конституцияға бірнеше рет маңызды өзгерістер енгізілді.  

- 1998 жылғы өзгерістер – Президент өкілеттігі 7 жылға ұзартылып, Парламенттің рөлі кеңейтілді.  

- 2007 жылы – партиялық сайлау жүйесі енгізілді, Президент мерзімі 5 жылға қысқартылды.  

- 2017 жылғы реформа – билік тармақтарының өкілеттігі қайта бөлініп, Парламент пен Үкіметтің рөлі күшейтілді.  

- 2022 жылғы Ата заңға өзгерістер – суперпрезиденттік модельден бас тарту, Конституциялық Сотты қайта құру, өлім жазасын жою сынды демократиялық өзгерістер орын алды.

    1. Адам құқықтарын қорғау жүйесі жетілдірілді.

    2. Конституциялық Сот қайта құрылып, азаматтарға тікелей жүгіну мүмкіндігі берілді.  

    3. Заң үстемдігі мен билік тармақтарының тепе-теңдігі қамтамасыз етілді.  

    4. Мемлекеттік тілдің мәртебесі артып келеді.

   30 жыл ішінде Қазақстан Конституциясы қоғамның өзгерісіне сай жетілдіріліп отырды. Ол – еліміздің тұрақтылығы мен даму кепілі. Алдағы уақытта да Конституция – демократиялық, әділетті және құқықтық мемлекеттің мызғымас негізі бола береді.

                                                                                              Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы

                                                                                                                                                                                                               Усембаева Қамар Бақытбекқызы
 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар