Елімізде
Қазақстан мен Ресей 21 қыркүйектен бастап әуе қатынасын қалпына келтіреді
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2020
- 224
Қазақстан мен Ресей 21 қыркүйектен бастап әуе қатынасын қалпына келтіреді
Екі мемлекеттің уәкілетті құрылымдарының шешіміне сәйкес 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады.
Рейстер өзара негізде аптасына бір рет жиілікпен орындалады.
Рейстер және билеттерді сату Қазақстан мен Ресей белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, шектеулер алынынып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ Ресей тарапы Қырғызстан және Беларусь Республикаларымен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала