бейсенбі, 20 ақпан, 2025 23:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Ресей: Еуропаға бидай мен ет жеткізу ұлғаяды

Қазақстан мен Ресей: Еуропаға бидай мен ет жеткізу ұлғаяды
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді

Қазақстан Ресей Федерациясының аумағы арқылы Еуропа елдеріне бидай мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға ниетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің келіссөздерінің қорытындысы бойынша ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Сондай-ақ тараптар біздің елімізден ет және ет өнімдерін экспорттауға шектеулерді ішінара алып тастау туралы уағдаластыққа қол жеткізгені атап өтілді.

«Қазақстандағы эпизоотиялық жағдайға байланысты осыған дейін Ресей тарапы ет өнімдерін кіргізуге шектеу қойған болатын. Бүгінгі таңда ресейлік әріптестерімізбен келісімге келіп, оңтүстік және шығыс-оңтүстік аймақтарынан ол шектеуді алып тастадық. Қазір жалпы Қазақстан аумағы бойынша шектеуді алып тастау жөнінде жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді Азат Сұлтанов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар