сенбі, 23 қараша, 2024 6:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Токио Олимпиадасының трансляциясын 6,25 млн долларға сатып алды

Қазақстан Токио Олимпиадасының трансляциясын 6,25 млн долларға сатып алды
ашық дереккөзі
Қазақстан Токио Олимпиадасының трансляциясын 6,25 млн долларға сатып алды
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Токио Олимпиадасының трансляциясын ұйымдастыруға қанша қаражат жұмсалғанын айтты. «2021 жылдың 23 шілдесінде Токиодағы (Жапония) XXXII жазғы Олимпиада ойындары трансляциясының лицензиялық құқығын 6 250 000 АҚШ долларына сатып алу бойынша келісімге келді», — деді министрлік өкілдері.  Олимпиаданың транляциясы бойынша келіссөздер 24 шілдеге дейін жалғасқан. ⠀ Министрліктің хабарлауынша, жапониялық компания көрсетілімге мүмкіндікті 15 миллион долларга сатып алуды ұсынған. Алайда 2016-2018 жылдары Қазақстан дәл осы көрсетілімді 5,1 миллион долларға сатып алған болғандықтан бас тартқан. ⠀ Ақпан айында қазақстандық тарап бағаның төмендетуін сұрап хат жазған. Дегенмен, өтініш жауапсыз қалған. Нәтижесінде Олимпиада басталуға бір күн қалғанда ортақ келісімге қол жеткізген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар