Елімізде
Қазақстанда 1 қазанға дейін мүлік және жер салығын төлеу керек
- авторjambylinfo.kz
- 17 тамыз, 2021
- 581
Қазақстанда 1 қазанға дейін мүлік және жер салығын төлеу керек
Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 1 қазанына дейін қазақстандықтар мүлік пен жер салығын төлеуі тиіс екенін мәлімдеді.
Осы орайда комитет мамандары салық заңнамасына өзгеріс енгізілгенін еске салды. Оған сәйкес, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар бірыңғай мүлік салығы болып біріктірілді. Сол себепті салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді. "2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады", – дейді мамандар. Мүлік салығының сомасын төлеу мерзімі басталғанға дейін "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz "Алдағы төлемдер" сервисінен білуге болады. Сол жерде бірден төлем жасауға мүмкіндік бар. Бұдан басқа, салық салу объектілері бойынша ақпаратты "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Салық әмияны" бөлімінде көруге болады. Орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуға болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Қор нарығында доллар 505-510 теңге аралығында саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2025
Елімізде
ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан үш адамды құтқарды
- авторБақытжан Бекболат
- 31 желтоқсан, 2025






