Қазақстанда 2029 жылға қарай жүк тасымалының көлемін екі есеге арттыру жоспарлануда
- авторБақытжан Бекболат
- 15 қыркүйек, 2025
- 313
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыру аясында 2029 жылға қарай жүк тасымалы көлемін екі есеге арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мақсатында, мықты инфрақұрылымдық негізді қалыптастыру маңызды болып табылады. «Бақты-Аягөз» жаңа теміржол учаскелері, «Сексеуіл-Бейнеу» автомобиль жолы және осылар сияқты маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады. 2026 жылы Smart Cargo кедендік және логистикалық қызметтер көрсетілетін бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіліп, Ұлттық әуе жүк тасымалдаушы компаниясы (ҚТЖ базасында) іске қосылады. Қабылданған барлық шараларды ескере отырып, Қазақстан арқылы жүк тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғаяды деп күтілуде», — деп атап өтті Серик Жумангарин.






