сенбі, 28 желтоқсан, 2024 0:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда АҚШ-тағыдай шерифтер пайда болуы мүмкін

Қазақстанда АҚШ-тағыдай шерифтер пайда болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстанда АҚШ-тағыдай шерифтер пайда болуы мүмкін
АҚШ елшілігі Қазақстанға көмек қолын созуға әзір. ҚР ІІМ Кадрлық саясат басқармасының бастығы Айдар Сайытбеков полиция қызметі жұмысындағы өзгерістер туралы айтты. Біз АҚШ, Ұлыбритания және Канадада жиі кездесетін шериф қызметінің моделін зерттеуді жоспарлап отырмыз. Осындағы АҚШ елшілігі бізге көмектесуге дайын, - деді Айдар Сайытбеков Ішкі істер министрлігінің брифингінде. Сонымен қатар, "полиция қызметіне қолжетімділіктің" жаңа қағидаты енгізіледі. Бұл бүкіл полиция көшеде жүреді дегенді білдірмейді. Полиция қажет болған жағдайда оқиға орнында болуы. Сайытбековтің айтуынша, шартты түрде мұндай үш санатты орынды бөліп қарастыруға болады: - қауіпсіз орындар, мұндайда полицияның болуы қажет емес және тек ерекше жағдайда ғана шақыртылады; - ішінара қауіпсіз, белгілі бір уақытта полицияның болуы қажет болатын кез. Адамдардың кептелісі, мысалы, зауыттағы жұмыс ауысымнының аяқталуы немесе әуе рейсінің көптеп келуі кезеңімен байланысты; - полицияның тұрақты болуын қажет ететін қауіпті орындар. Министрлік талдау жүргізеді, содан кейін полиция патрульдік маршруттарына түзетулер енгізеді. Елді-мекендердің ең криминогенді аймақтарында тәулік бойғы модульдік посттар орнату жоспарлануда. zakon.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар