Қазақстанда электросамокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салу ұсынылып отыр
- авторБақытжан Бекболат
- 15 қыркүйек, 2025
- 326
2025 жылдың басынан бері елімізде электросамокаттармен жасалатын 29 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасының жолы кесіліп, 8 мың электросамокат айып тұрағына қойылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол былтыр электросамокаттарды пайдалануға бақылауды қатаңдату туралы тиісті ұсыныстар берілгенін, бірақ олардың бірқатары қолдау таппағанын айтты.
Депутаттар қарап жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көліктің жаңа түрлерінің қозғалысын реттеу және жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде электросамокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салу, кикшеринг қызметіне міндеттеме жүктеу қарастырылған, ал әкімдіктерге оларды пайдалану ережелерін қабылдау құқығын беру ұсынылуда.






