Қазақстанда нотариустар көрсететін қызметтің жаңа тарифтері бекітілді
- авторБақытжан Бекболат
- 17 қазан, 2025
- 279
Әділет министрлігі нотариустар көрсететін қызметтердің жаңа мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаңа тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сол уақытта айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4325 теңге болып белгіленеді.
Мөлшерлемелер төмендегідей:
Қаладағы жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу шартын куәландыру – 3-тен 12 АЕК-ке дейін (12 975–51 900 теңге);
Ауылдағы жылжымайтын мүлікке қатысты шарттарды куәландыру – 1,5-тен 2,7 АЕК-ке дейін (6487–11 677 теңге);
Көлік құралын сату-сатып алу шартын куәландыру – 4-тен 10 АЕК-ке дейін (17 300–43 250 теңге);
Ипотекалық несие және кепіл шарты – 4 АЕК (17 300 теңге);
Өсиетнаманы куәландыру – 3 АЕК (12 975 теңге);
Мұрагерлік құқық туралы куәлік беру – 4 АЕК (17 300 теңге);
Мүлікті пайдалану немесе иелік ету құқығын беретін сенімхаттарды куәландыру – 2,5 АЕК (10 812 теңге);
Құжаттағы қолдың түпнұсқалығын немесе аударманың дұрыстығын куәландыру – 0,53-тен 1,1 АЕК-ке дейін (2292–4757 теңге);
Құжаттың көшірмесін (дубликатын) беру – 3 АЕК (12 975 теңге);
Басқа да нотариаттық әрекеттер – 7,2 АЕК (31 140 теңге);
Кеңес беру қызметі – 1 АЕК (4325 теңге).






