Қазақстанда су тасқыны кезінде қаза тапқан адамдардың саны көбейді
- авторjambylinfo.kz
- 13 мамыр, 2024
- 647
13 сәуір күні су тасқыны кезінде жоғалған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 34 жастағы қала тұрғынының жоғалғаны туралы туыстары 13 сәуірде Подгора шағын ауданына су кірген күні айтылған. Желіде олар ер адамның денесі бір айға жуық уақыттан кейін дәл сол жерден табылғанын жазады.
«12 мамырда сүңгуірлер ер адамның мәйітін сыртқы зақымданусыз тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев су тасқынынан 7 адам қаза тапқан ресми түрде мәлімдеген еді. Бұл деректі қоссақ, су тасқыны салдарынан өлген адамдардың саны 8 адамға жетіп отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз