30 қазанда Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ертең ел аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылмақ.
"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету үшін тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Сондықтан
2024 жылдың 30 қазаны сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
"Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда өрттен 35 жастағы баласын құтқару кезінде анасы қаза тапты
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қараша, 2024
Ақтөбеде көлік жүргізушісіне 11,5 миллион теңге айыппұл салынды
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қараша, 2024