жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарлануда

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарлануда
istockphoto.com
Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі мәлімдеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы зейнетке шығу жасына қатысты ақпарат жариялады. Қордың мәліметінше, 2031 жылдан бастап ерлер де, әйелдер де 63 жастан зейнетке шығатын болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қордың мәліметінше, зейнет жасын біріздендіру — әлемдік тәжірибеде қалыптасқан үрдіс. Бұл шешім халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы мен демографиялық өзгерістерге байланысты қабылданған.

Қазіргі уақытта ерлер үшін зейнет жасы бұрынғыдай 63 жас болып қала береді. Ал әйелдер үшін зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен өседі:

2028 жылдан бастап – 61,5 жас;

2029 жылдан бастап – 62 жас;

2030 жылдан бастап – 62,5 жас;

2031 жылдан бастап – 63 жас.

“Әлеуметтік кодекстің 207-бабына сәйкес кейбір азаматтарға бюджет қаражаты есебінен жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алу үшін жалпы белгіленген жастан өзгеше болуы мүмкін жеңілдік жасы белгіленеді. Зейнетақы аннуитеті белгіленген зейнеткерлік жастан ерте зейнетке шығуға және өмір бойы ай сайынғы төлемдерді алуға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар