сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026 14:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жеке деректердің жаппай таралуына қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Қазақстанда жеке деректердің жаппай таралуына қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин айтты.

Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін қорғау бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

– Азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмаушылық және жеке ақпаратты қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын жүзеге асыра отырып, біз цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне және осы салада «нөлдік төзімділік» саясатына көшеміз. Осы мақсатта біз қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек дербес деректер жаппай тарап кеткендіктен қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз, — деп атап өтті Ростислав Коняшкин.

Вице-министр цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек деді.

 

 

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар