сәрсенбі, 12 маусым, 2024 20:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қазақтелеком» басшысы Қуанышбек Есекеев Тоқаевтың кеңесшісі болды

«Қазақтелеком» басшысы Қуанышбек Есекеев Тоқаевтың кеңесшісі болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы Ақорда хабарлады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады jambylinfo.kz.

Қуанышбек Есекеев 1975 жылы 10 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді.
2001 – 2002 жылдары Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының менеджмент мамандығында оқыды.
«Қазақойл» ЖАҚ-ының, «Қазақстан темір жолы» РМК-інің ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды.
2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті.
2004 жылы мамырдың 13 бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы болып тағайындалды.
2010 жылдан - «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.
Математика ғылымдарының кандидаты.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар