сенбі, 28 желтоқсан, 2024 14:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"ҚазАвтоЖол" ақылы болатын жолдардың тізімін жариялады

"ҚазАвтоЖол" ақылы болатын жолдардың тізімін жариялады
ашық дереккөзі
"ҚазАвтоЖол" ақылы болатын жолдардың тізімін жариялады
Қазақстан автожолдарының жартысы ақылы болады. Оған 25 миллиардтан астам қаражат бөлінді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлайды.
Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы мына учаскелер ақылы болады: Орал – РФ шекарасы (Саратов); Қапшағай – Талдықорған; Тараз – Қайнар; Қызылорда – Шымкент – Тараз; Шымкент – Өзбекстан шекарасы; РФ шекарасы (Орынбор) – Ақтөбе – Қызылорда; Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Самара); Павлодар – РФ Шекарасы (Омбы); Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы (Троицк); Ақтау – Бейнеу; Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы; Нұр-Сұлтан – Павлодар; Павлодар – Семей – Қалбатау. 2022 жылы мына жолдарға ақы алу жүйесі енгізіледі: Петропавл – РФ шекарсы (Қорған); Теміртау – Қарағанды, Қарағанды айналма жолы; Щучье – Зеренді; Таскескен – Бақты; Жетібай – Жаңаөзен. 2023 жылы ақылы болатын жолдар: Күрті – Бурылбайтал; Үшарал – Достық; Қарабұтақ – Рудный – Қостанай; Ұзынағаш – Отар. Ал 2024 жылы мына учаскелер ақылы болады: Қарағанды – Балқаш; Балқаш – Бурылбайтал; Күрті – Қапшағай; Талдықорған – Өскемен; Қалбатау – Майқапшағай; Меркі – Бурылбайтал; Атырау – Орал; Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат – Доссор; Атырау – РФ шекарасы (Астрахань); Подстепное – Федеровка – РФ шекарасы.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар