жұма, 17 мамыр, 2024 13:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты басталады

Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты басталады
Суретте экс-министр Қуандық Бишімбаев. Сурет ашық дереккөзден алынды
Ол әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қолға түскен

Бүгін Астанада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, оның ісі 26 ақпан күні сотқа түскен. Бишімбаевпен қатар, оның туысқан ағасы – қылмыс болған мейремхананың директоры Бақытжан Байжановтың та ісі Астананың ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралмақ.

Айта кетейік, 2023 жылы 9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің мәйіті табылған. Кейін анықталғандай, полиция оқиға орнында бұрынғы министр, кезінде жемқорлық үшін он жылға сотталып, мерзімінен бұрын босап шыққан Қуандық Бишімбаевты қолға түсірген. Қаза тапқан әйел – Салтанат Нүкенованың өлімі елді дүр сілкіндіріп, оның ағасы Әйтім Нүкенов елде зорлық-зомбылыққа қарсы ауқымды акция бастаған. Қазір Әйтім Нүкенов біраз журналистке сұхбат беріп, тергеудің бірқатар мәліметтерін жариялаған. Дәлірек айтсақ, ол қарындасы Салтанат Нүкенова аса жауыздықпен өлгенін, Қуандық Бишімбаев оны ұзақ уақыт бойы ұрып, көзін шығарғанын, басына көп жарақат келтіріп, өлгеннен кейін ұзақ уақыт бойы мейрамхананың вип-кабинетіне жатқызып қойғанын айтады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар