Елімізде
БҚО-да халыққа көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кеткен
- авторИндира Тәліпқызы
- 1 сәуір, 2024
- 1.1k

Бұл ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі растап, қазір құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су тасқынынан зардап шегіп жатқан жергілікті тұрғындарға көмек көрсету кезінде 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланған.
Оұқыс оқиға Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылының маңында орын алған.
«Сержант кеудесінен алған екі пышақ жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуыл жасаған адам мас болған, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Келесі мақала
Жамбыл облысында жер сілкінді
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 10 маусым, 2025
Елімізде
Әскери бөлімдерде бейнебақылау орнатылады – Бас Прокурор
- авторБақытжан Бекболат
- 10 маусым, 2025