Елімізде
«Балқадиша» әнімен танылған дзюдошы бала Димаштың концертінде өнер көрсетті
- авторБақытжан Бекболат
- 27 мамыр, 2025
- 889
Жаттығу залындағы қарапайым үзілісте "Балқадиша" әнін шырқаған Иса Бекболат есіңізде ме?
Атыраулық 14 жастағы жас дзюдошының сол бір видеосы миллионнан астам қаралым жинап, оны желінің жұлдызына айналдырған еді. Ал енді Иса Алматыда өткен Димаш Құдайбергеннің концертіне қатысып, үлкен сахнада өнер көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Иса бала күнінен спорт пен әнді қатар алып келеді.
Жаттықтырушысының қалжыңымен жарыстан кейін ән айтып, танымал болған жасөспірім бүгінде үлкен сахнаға жол тартты.
Димаштың концертіне қатысу – Исаның шығармашылық жолындағы алғашқы ірі қадамы. Концерттен кейін желіде тараған видеосы тағы да миллионнан астам қаралым жинады.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






