жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Батыс Қазақстанда жастарды дропперлікке тартқан қылмыстық топ әшкереленді

Батыс Қазақстанда жастарды дропперлікке тартқан қылмыстық топ әшкереленді
Pixabay.com
Батыс Қазақстан облысында азаматтарды дропперлікке тартумен айналысқан ұйымдасқан топтың әрекеті әшкереленді.

Қаржы мониторингі агенттігі банктік шоттарды заңсыз иемдену және оларды пайдалану арқылы рұқсат етілмеген қаржы операцияларын жүргізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Топ мүшелері жастарға «жылдам табыс табу» ұсынысымен екінші деңгейлі банктерден өз атына есепшот ашуды тапсырған. Шоттар мен мобильді банкинг қосымшаларына қол жеткізген соң, оларды қылмыстық топ бақылауға алған. «Дроппер» қызметін атқарған азаматтарға 200-ден 350 АҚШ долларына дейін ақы төленген. Заңсыз айналымдағы соманың жалпы көлемі 17 миллион теңгеден асқан.

Кейін банктік картасы бұғатталған дропперлердің бірі заңсыз іс-әрекеттерге қатысудан бас тартқан. Осыдан кейін оны топ мүшелері қорқытып, еркінен тыс ұстап отырған.

Қазіргі таңда топтың жетекшісі ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар