жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бектенов: Көмір генерациясын кеңінен дамыту қажет

Бектенов: Көмір генерациясын кеңінен дамыту қажет
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Үкімет отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов көмір генерациясы саласындағы жобаларды жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мұндағы негізгі жобалардың бірі - жалпы қуаты 1 080 МВт болатын 3-ші және 4-ші энергоблоктарды орнату арқылы Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту.

 Ал Көкшетау ЖЭО-ның құрылысына қатысты жобалауға, жабдықтарды жеткізуге және құрылыс жүргізуге келісімдер жасалған. 

Жылу-электр орталығы орналасатын алаңды, жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау және тағы да басқа жұмыстар жүргізілуде. Семей және Өскемен ЖЭО бойынша да құрылыс жұмыстарына келісім жасалған. Қуаты 360 МВт және 1000 Гкалл болатын стансаны пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланып отыр.

«Көмір генерациясын кеңінен дамыту қажет. Көмір біздің ең маңызды активіміз екенін ұмытпаңыздар», — деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар