Елімізде
Бектенов «Kazakh Tourism» басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 11:08
- 36
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Kazakh Tourism компаниясының жаңа төрағасы Талғат Ғазизовке нақты нәтиже талап ететінін айтып, жұмысында ілгерілеу болмаса, қызметтен кететінін ескертті.
Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Kazakh Tourism ұлттық компаниясының жаңадан тағайындалған төрағасының есебін тыңдап, қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Талғат Жанатұлы, сіз бұл қызметке жаңадан келдіңіз, соған қарамастан біз сізден нақты нәтижелер күтеміз. Нәтиже болса жұмысыңызды жалғастырасыз, нәтиже болмаса — қоштасамыз», — деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, Талғат Ғазизов Kazakh Tourism ұлттық компаниясының төрағасы қызметіне жақында ғана кірісті. Бұған дейін ол «Қазпошта» АҚ-да басқарушы директор болған.
Kazakh Tourism туризм саласына инвестиция тарту, саланы насихаттау және Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық аренада таныту бағытында жұмыс істейді.
Келесі мақала






